Алматы облысының ауруханалардағы төсек- орындардың 60 пайызы босады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазіргі күні Алматы облысында стационарларда орын тапшылығы жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековтың айтуынша, елде жарияланған карантин өңірдегі эпидахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізді.

«Облыста COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда қосымша провизорлық орындар ашылған болатын. Бүгінгі күні провизорлық орындардың 40 пайызы ғана жұмыс жасап тұр. Медицциналық мекемелер 4 тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастады. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауына болады.

Сонымен қатар облыста құрылған 391 мобильді топ үйде ем шараларын тағайындау арқылы науқастар санының азаюына үлкен септігін тигізді», - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков.

Сонымен қатар басқарма басшысы облыстағы барлық медициналық мекемелер вирусқа қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Қазіргі таңда Алматы облысында 3345 адам облыстағы медициналық қызметкерлердің бақылауында. (Оның ішінде стационарлық емдеуде – 1 637, 228– инфекциялық, 1409-провизорлық).


Соңғы жаңалықтар