+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысының әкімі неліктен елордада ем алып жатыр - министрлік түсіндірмесі

2020 жылғы 9 шілде 13:28
Бөлісіңіз:
Алматы облысының әкімі неліктен елордада ем алып жатыр - министрлік түсіндірмесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирус жұқтырып алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың ем алу үшін елордадағы Кардиохирургиялық орталыққа ауыстырылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында мәлім еткендей, Амандық Баталовтың денсаулығы нашарлап кеткеннен кейін ол астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына жеткізілген. Өйткені, бұл орталық індет кезінде республикалық экстракорпоралды мембранды оксигеназа кезіндегі қарқынды терапия орталығы болып қайта жасақталған еді.

«Бұл әдіс өкпені жасанды желдету көмек көрсетпейтін кезде қолданылады. Орталық жүрек-қан тамырлары аурулары аясында ауыр тыныс алу жеспеушілігі өршіген науқастарды қабылдайды», - деді Ажар Ғиният.

Естеріңізге сала кетсек, 22 маусым күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус анықталғаны хабарланған еді.

Кейін әлеуметтік желіде өңір басшысы Талдықорған қаласындағы көпсалалы аурухананың бір бөлімінде жалғыз жатқандығы туралы ақпарат тарады. Бірақ әкімнің баспасөз қызметі мұны жоққа шығарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT