+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысының әкімі коронавирустан жазылды

2020 жылғы 12 шілде 19:08
Бөлісіңіз:
Алматы облысының әкімі коронавирустан жазылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жазылып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс айтамын. Ал ақ халатты абзал жандарға алғысым ерекше. Олардың ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым. Енді жұмысқа кірісіп, сіздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін», - деп жазды Амандық Батталов Facebook-парақшасында.

Еске сала кетсек, 22 маусым күні Амандық Баталовтан коронавирус анықталғаны хабарланған еді.

Кейін әлеуметтік желіде өңір басшысы Талдықорған қаласындағы көпсалалы аурухананың бір бөлімінде жалғыз жатқандығы туралы ақпарат тарады. Бірақ әкімнің баспасөз қызметі мұны жоққа шығарды.

Сонымен бірге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирус жұқтырып алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың ем алу үшін елордадағы Кардиохирургиялық орталыққа ауыстырылу себебін түсіндірген болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT