Алматы облысының әкімі еңбек ардагерлерімен дәстүрлі кездесуін өткізді

None
None
АЛМАТЫ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Алатау шипажайында Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов аймақтағы 105 еңбек ардагерімен дәстүрлі кездесуін өткізді. Қоғамның әр түрлі саласында қызмет етіп, ерен еңбегімен елдің алғысын алған бұл ардагерлердің көпшілігі бүгінгі таңда құрметті зейнетте жүр. Олардың арасында әлі ат үстінен түспей, өзінің ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибесін жаңа буынның игілігіне пайдаланып жүрген ел азаматтары аз емес. Оған Кеңес Аухадиев, Артықбай Ағыбаев, Шәмша Беркімбаева, Амангелді Ермегияев, Сейдәлім Тәнекеев сияқты азаматтарды мысалға келтіруге болады.

«Қарттарды сыйлау, үлкенге ізет көрсету - ата салтымыз, перзенттік парызымыз. Сіздер кезінде еліміздің өркендеп, гүлденуі жолында аянбай қызмет етіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен еңбек сіңірдіңіздер. Бүгінгі күні де қоғамдық өмірден тыс қалмай, елді игілік пен ізгілікке өзара ынтымақ пен бірлікке жұмылдырып жүрсіздер. Бұл еңбектеріңіздің болашақ ұрпақ үшін де тәлім-тағылымы мол», - дейді А. Мұсаханов. Облыс басшысының айтуынша, 2013 жылы республика үшін де аймақ үшін де табысты жыл болып отыр. Жетісулық диқандар қамбаға 1 млн. 145 мың тонна астық жинап, өнеркәсіп өндірісінде 525,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Келер жылдың бюджеті 316,2 млрд. теңгені құрап, биылмен салыстырғанда 55 млрд. теңгеге ұлғайып отыр. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Алматы-Талдықорған бағытында әуе және темір жол қатынасы ашылды. Қазір әуе байланысы аптасына 4 рет, ал пойыз күнара қатынауда.

Соңғы жаңалықтар