Алматы облысының әкімі «Динамо» медалімен марапатталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Динамо» медалімен марапатталды. Өңір басшысының спортқа деген қолдауы мен қамқорлығы үшін ҚР ІІМ «Динамо» спорт қоғамының атынан осындай құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Талдықорғанда ҚР ІІМ «Динамо» дене шынықтыру-спорттық  қоғамының ұйымдастыруымен VI спартакиада басталды. Жарыс Қазақстан полициясының 25 жылдығына және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай өтуде. Спорттық жарыстың басталуымен қатысушыларды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, сәттілік тіледі.

Шараға  ҚР Бас прокуратурасының, ҚР ҰҚК-нің, ҚР ІІМ-нің, ҚР Ұлттық гвардиясының, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР ІІМ МКҚБ-ның, ҚР ҰҚК шекара қызметінің, ҚР ІІМ ҚАЖК-нің және ҚР ІІМ ТЖК-нің қызметкерлерінен құралған 9 команда қатысуда.

Шағын футболдан өтіп жатқан  республикалық жарыс 26 мамырға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар