Алматы облысының әкімі бастаған делегация СҚО-ға жұмыс сапарымен барып қайтты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бастаған делегация СҚО-ға жұмыс сапарымен барып қайтты. Мұнда өңірлер арасындағы ынтымақтастық мәселелері мен өңіраралық қатынастардың мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерiк Сұлтановтың айтуы бойынша, Алматы облысына Солтүстiк Қазақстан облысынан кондитерлiк, нан-тоқаш, макарон өнiмдерi, сондай-ақ  теле-радио қабылдағыштар тасымалданады. Өткен жылы эскпорт көлемi 3711,9 млн. теңгенi құрады. Осы жылы Алматы облысына 7,6 мың тонна астық және бұршақ дақылдары, 113 тонна тұқым жеткiзiлген.

«Бiз Алматы облысының өндiрiстiк кәсiпорындарымен ынтымақтасуға дайынбыз. Бүгiнгi кездесу кәсiпкерлер арасында байланыс орнатуға мүмкiндiк бередi деген сенiмдемiн. Бiздiң өңiр тек қана егін шауашылығы ғана емес, мал шаруашылығы, қайта өңдеу саласында да үлкен әлеуетке ие», - деп атап өттi Ерiк Хамзаұлы.

Өз кезегiнде Алматы облысының әкiмi Амандық Баталов Жетiсу өңiрiнiң ерекшелiктерiне тоқталып өттi.

«Бiз соя, сiрне, жүгерi, қант қызылшасы сияқты дақылдар өндiрiсiнде көш басындамыз. Қант зауыттарын қалпына келтiрдiк. Биыл 6,8 гектар жерге қызылша отырғыздық, 22-24 мың тонна қант алуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, алма бақтарын да қайта дамыттық. Бiз қос облыстың өзара тиiмдi ынтымақтастығының көптеген мүмкiндiгiн көрiп отырмыз», - дедi Амандық Баталов.

Сондай-ақ, Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметінің айтуынша,  өңір басшысы Амандық Баталов облыста фармацевтика, аккумулятор өндiрiсi, шағын және орта бизнес, мал шаруашылығы мен туризм салаларының жақсы дамып келе жатқанын атап өткен.

Кездесу соңында қос тарап сауда-экономика, ғылыми- техникалық, гуманитарлық және өзге де салалар бойынша ынтымақтастық жөніндегі екі жақты меморандумға қол қойды. Сондай-ақ қос облыстың кәсіпорын басшылары да екіжақты тиімді бірнеше меморандум жасасты.

 

Соңғы жаңалықтар