Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бірнеше тағайындаулар жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бірнеше тағайындаулар жасады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін облыс әкімінің өкімімен Іле ауданының әкімі болып Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлы тағайындалды.

Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлы 1955 жылы 30 тамызда Алматы облысы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1979-81 жылдары кеңшарда агроном, 1985-88 жылдары Қаскелеңдегі кәсіптік техникалық училищенің директоры, 1994 жылы Шамалған ауылдық әкімшілігінің басшысы, 1998-1997 жылдары Алматы облыстық жер ресурстары комитетінің төрағасы, 2005-2011 жылдары Алматы облысы Қаратал ауданының, 2011 жылдан бері Райымбек ауданының әкімі қызметін атқарған.

Сонымен қатар, облыс әкімінің өкімімен Сәтжан Манасұлы Кикимов Қапшағай қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Сәтжан Манасұлы КИКИМОВ 1958 жылы туған. Алматы темір жол транспорты инженерлер институтын, Бағалау және құрылыс академиясын бітірген. Мамандығы бойынша - инженер-құрылысшы, сарапшы-бағалаушы.

Еңбек жолын Көкшетау қаласында құрылыс шебері болып бастап, кейін құрылыс саласында түрлі қызметтер атқарды. Әр жылдарда Алматы экономика және статистика академиясының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі проректоры, «Д-group» ЖШС директорының орынбасары, Қарасай ауданы Жандосов ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында болды.

2012 жылдың қазан айынан - Қарасай ауданы әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар