+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Алматы облысының әкімдігі: Көмір үшін таласқа қатысты видео - жалған

2018 жылғы 30 қаңтар 21:20
Бөлісіңіз:
Алматы облысының әкімдігі: Көмір үшін таласқа қатысты видео - жалған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде жүздеген адамның жерге төгілген көмір үшін әбігерге түсіп жатқаны туралы видео тарады. Аталған бейнежазбаға қатысты Алматы облысының әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазбада қолдарына қап ұстаған жүздеген халық жапатармағай көмір алып, жанталасып жатқанын көруге болады. Аталған видео әлеуметтік желіде жылдам тарап, халықтың наразылығын тудырды. Тіпті желі қолданушылары бұл оқиға Алматы облысында болған деген пікірлерін қалдырды. Алайда, облыс әкімдігі ол видеоның Жетісу өңіріне мүлдем қатысы жоқ екенін мәлім етті.

«Әлеуметтік желіде аталған оқиға Алматы облысында болған дейді. Ресми түрде мәлім етемін, бұл оқиғаның біздің өңірге мүлдем қатысы жоқ. Болжам бойынша, Қырғызстан елінде болған. Және де көліктердің көмір сататын қойма алдында бір-біріне жол бермей жатқан сәтінен де әлеуметтік желіде видео тарады. Бұл видеоның да біздің өңірге қатысы жоқ. Бейнероликтегі оқиға нақты қай облыста болғанын біз анықтадық. Бірақ ол өңірді атамауды жөн көріп отырмыз», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі таңда Алматы облысында 29 400 тоннадан астам көмір бар. Ал ертең тағы 16 мың тонна көмір келеді деп күтілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT