Алматы облысының әкімдігі қала шетінде шашылып жатқан құжаттарға түсінік берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қаңтар айында болған бүлік кезінде өртенген Алматы облысы әкімдігінің құжаттары қаланың шетінде шашылып жатыр. Бір тұрғын Алматы облысының әкімдігі деп жазылған құжаттарды видео түсіріп, желіге жүктеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған маңында шашылып жатқан бума-бума қағазға қатысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мұның барлығы ешқандай маңызы жоқ қағаздар деп түсіндірді.

Әкімдік ғимараты өртенгеннен кейін, қазір тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал сол жұмыстарды жүргізген жауаптылар бір көлік қағазға толы қоқысты Талдықорғанға қарасты Еңбек ауылының маңына төгіп кеткен.

Қазір оларға ескерту жасалып, барлық қағаздар өртеліп, белгіленбеген жердегі қоқыстың көзі жойылды.

«Алматы облысы әкімдігінің ғимаратын тазалау барысында мердігер мекеме шағылған қирандылар мен өрттен қалған қоқыстарды, соның ішінде маңызы жоқ қағаздарды қалалық қоқыс полигонына шығарды. Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттар мен «Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған жұмылдыру жоспары» деген жазуы бар папкаға қатысты айтар болсақ, бұл папка сыртқы қап болып есептеледі, ішінде ешқандай маңызды мәлімет жоқ. Қазіргі кезде қағаз қоқыстар өртелді, белгіленбеген жердегі қоқыс жойылды» делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жауабында.



Соңғы жаңалықтар