USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы облысының 57 тұрғыны баласына дұрыс тәрбие бермегені үшін жауапкершілікке тартылды

2016 жылғы 8 қараша 17:36
Бөлісіңіз:
Алматы облысының 57 тұрғыны баласына дұрыс тәрбие бермегені үшін жауапкершілікке тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының 57 тұрғыны баласына дұрыс тәрбие бермегені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз бойынша кәмелет жасқа толмағандар арасында заңбұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім» шарасының бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде өз балаларының тәрбиесіне немқұрайлылық танытқан 57 ата-ана жауапқа тартылды. Барлық 57 жағдай бойынша ҚР ӘК 127-ші бабына сәйкес 7 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынды», - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

7 күнде ювеналды полиция қызметкерлері 436 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. 30-дан астам сауда орындарының иелеріне кәмелет жасына толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатқаны үшін айыппұл салынды. Ойын-сауық орындарында үлкендердің бақылауынсыз жүрген 23 жасөпірім қолға түсті.

Түнгі уақытта қыдырған 278 жасөспірім полиция учаскілеріне жеткізілді. Ал 15 жас жеткіншек қаңғыбастық пен қайыр тілегені үшін жасөспірімдері бейімдеу және оқшаулау орталығына жіберілді. Алдын алу шаралары 11-ші қарашаға дейін жалғасады.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT