Алматы облысының 13 жасар тұрғыны ерлігі үшін марапатталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Есік қаласындағы №2-ші орта мектебінің 7-ші сынып оқушысы Алексей Чебаник «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ Есік қаласында тұратын А. Блухов, Н. Козлов пен С. Гусев Төтенше жағдайлар Комитетінің алғыс хаттарын алды. Осы азаматтардың бәрі орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының мүшелері.

Бұл марапаттар оларға 2017 жылдың 18-ші маусымында болған төтенше жағдайда ерлік пен тапқырлығы үшін беріліп отыр. Азаматтар шұңқырға түсіп кеткен 5 жасар қызды құтқарды. Олар 13 жасар Алексей Чебаникті арқанға байлап, шұңқырға түсірген. Жасөспірім кішкентай қызды жоғарыға шығарады.  Дереу жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген бүлдіршін өлім аузынан аман қалды. Қазір кішкентай қыздың денсаулығы тұрақты.

Соңғы жаңалықтар