Алматы облысындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында екі бағыттағы жолдың бөлігі жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

18 желтоқсан күні 16:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, қар жаууы) республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тас жолының (287-558 км) бөлігінде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ, 14:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) облыстық маңызы бар «Талдықорған-Қапал» автожолының (0-45 км) бөлігінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

 

Соңғы жаңалықтар