Алматы облысындағы жол апатынан 4 адам мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Алматы-Өскемен автомагистралінде жан түршігерлік жол апаты болды. Оның салдарынан 4 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері растады.

«Қайғылы жағдай Алматы-Өскемен трассасының 132-ші шықырымында болған. «Тойота Раф-4» пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 4 адам құрбан болды. Олардың бірі жаңа туған сәби. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Облыстық анықтау басқармасының қызметкерлері сотқа дейінгі іспен айналысуда»,-деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, бұл соңғы екі тәулікте Алматы облысында болған екінші ірі көлік апаты. Бір күн бұрын 4 көліктің соқтығысуы салдарынан 5 адам зардап шеккен болатын.

Соңғы жаңалықтар