Алматы облысындағы жол апатынан 2 адам қаза тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының «Қапшағай-Бақанас-Қараой» тас жолында болған жол апаты 2 адамның өмірін жалмап кетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 27 шілдеде Балқаш ауданының Бақбақты ауылы маңында орын алған.

«Хонда Фит» көлігі аталған елді мекен маңында жол шетіне аударылып кеткен.

Алдын ала болжам бойынша, жол апатына көлікті тізгіндеген 35 жасар алматылық әйелдің рөлді басқара алмай қалуы себеп болды. Апат салдарынан жүргізуші мен көліктегі 5 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмды.

Хонданың ішінде болған 4 жолаушы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар