Алматы облысындағы Үшарал қаласының әкімдігі мемлекеттік сатып алуда заңсыз әрекетке барған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. - ҚазАқпарат Алматы облысы, Алакөл аудандық прокуратурасының ұсынысы негізінде табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Үшарал қалалық округі әкімнің аппаратына қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзылуына тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. 

Алакөл ауданы Прокуратурасының ұсынысын қарау қорытындысы бойынша, Алакөл ауданы Үшарал қалалық округі әкімдігінің іс-әрекетінде әкімдік пен мемлекеттік кәсіпорын арасында мемлекеттік сатып алу туралы заңсыз келісім шарт жасалғаны анықталды. Сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуы, соның ішінде мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері байқалған.

Соңғы жаңалықтар