Алматы облысындағы ұшақ апатына қатысты ҚР ИДМ тексеру жүргізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Иинвестициялар және даму министрлігі «Олжа Бастау» ЖШС-ға тиесілі кіші авиация жеке ұшағымен болған авиациялық оқиға туралы хабарлайды.

Ұшақтың бортында екі адам болған. Әуе апаты болған жерге ТЖМ қызметкерлері келді. Ұшқыш қаза тауып, зардап шеккен ұшақтың иесінің өкіліне алғашқы медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Оқиға Алматы облысы Жиделі елді мекенінен солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жердегі бақыланбайтын әуе кеңістігі аумағында болған.

Ұшақ АҚШ-та жасалған түрі - МAULE М-7-260С.

«Олжа Бастау» ЖШС-ның  ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті беретін авиациялық жұмыс куәлігі немесе пайдаланушы ретіндегі сертификаты болмаған. Пайдаланушы «Олжа Бастау» ЖШС жалпы мақсаттағы авиацияға қарайды, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің тіркеуінде тұр. Аталмыш оқиға бойынша ҚР ИДМ Көлік апаты мен оқиғасын тексеру жөніндегі департамент тексеріс жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар