Алматы облысындағы тасжолда рейстік автобустан 22 жолаушы эвакуацияланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Алматы-Өскемен тасжолында сынып қалған рейстік автобустан 22 жолаушы эвакуацияланды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«2019 жылы 16 қаңтарда 05 сағат 44 минутта Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы-Өскемен автожолында 464 шақырымында «Setra» маркалы жолаушылар автобусы сынып қалғаны туралы хабар келіп түсті. Шақырту орнына Сарқан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және Сарқан қаласы №34 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 3 адам шықты. Оқиға орнына келіп жеткен кезде Ақжар-Алматы бағыты бойынша келе жатқан 50 орындық жолаушылар автобусы сынғаны анықталды» делінген баспасөз баянында.

Сарқан ауданының өрт сөндіруші-құтқарушылары Урал автокөлігімен 50 жолаушының 22 жолаушысын эвакуациялап, Сарқан қаласының автобекетіне жеткізген. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

null null

Соңғы жаңалықтар