Алматы облысындағы сүт зауытының ұжымы 100 пайыз вакцина алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы, Үштөбе қаласындағы сүт зауытының ұжымы 100 пайыз вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпорында бүгінгі таңда 100-ден астам адам еңбек етеді. Бірнеше аудан тұрғындарынан сүт қабылдап, одан 16 түрлі өнім өндіріп жатқан зауыт ұжымдық иммунитет қалыптастырудың маңыздылығын жақсы түсінеді.

Себебі тікелей халықпен жұмыс істеп, қоғамдық тамақтану орындарымен үнемі байланыста болғандықтан әр жұмысшысының алдымен өзіне, одан кейін қоршаған ортасына қауіп төндірмеуі керек.

«Жұмысшылардың, халықтың қауіпсіздігі үшін екпе алдық. Өйткені біз тікелей аурухана, балабақша, мектептермен жұмыс жасағандықтан біз өзіміздің қауіпсіздікті қамтамасыз етпесек, оларға қауіп төндіруіміз мүмкін. Сондықтан біз өзіміз бірінші кезекте вакцинаны алдық»- деді сүт зауытының технологы Баршагүл Тоқтар.


Соңғы жаңалықтар