Алматы облысындағы су тасқыны салдарына көмек көрсету үшін облыс әкімдіктері 50 млн. теңгеден қаржы аударады - Үкімет басшысы

None
None
аурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алматы облысындағы су тасқыны зардаптарына көмек көрсету үшін әр облыстың әкімдіктері 50 млн. теңгеден қаржы аударатын болып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен таңертең әкімдермен сөйлестім, яғни бірінші сома ретінде олар 50 млн. теңгеден Алматы облысына аударатын болады. Ары қарай тағы да қарастыратын боламыз», деп атап өтті Премьер-Министр.

Сонымен қатар Ұлттық компаниялар жалпы сомасы 500 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар