Алматы облысындағы Шекара қызметінің ғимаратын 500-ге жуық адам басып алмақ болған - ҰҚК
Периметр бойымен орналасқан бейне камераларды істен шығарған шабуылшылар ғимарат ішіндегі қаруға қол жеткізуді көздеді.
Департаменттің нысандарын қорғауға қалған шекарашылар жеке құрамның күшімен шабуылшыларды ығыстыра алды.
Күндізгі сағат екі шамасында шабуылшылар көрші орналасқан Алматы қаласы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының ғимаратын басып алып, оны өртеп жіберді.
Өрт сөндіру машиналары жеткенше шекарашылар өртті өз күштерімен сөндіруге кірісіп кетті және Прокуратураның 57 қызметкерін, ҚР Қорғаныс министрлігінің 2 курсантын Шекара қызметі департаментінің аумағына эвакуациялады.
Дәл осылайша, шекарашылар қылмыскерлердің 7 өрт сөндірушіні тұтқынға алу әрекетіне жол бермей, оларды ШҚ департаментінің аумағында жасырды.