Алматы облысындағы Саты ауылында жер сілкінді
2022 жылғы 4 желтоқсан, 20:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жер сілкінісін төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жер сілкінісі 4 желтоқсан күні елорда уақытымен сағат 16:08-де тіркелген.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 116 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 7.3. MPV тербелісі – 3.8 Тереңдігі – 10 шақырым. Салдарынан Саты ауылында 2 балдық жерасты дүмпуі сезілді», - делінген «СТӘК» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің хабарламасында.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP