Алматы облысындағы Сарыөзек-Көктал тасжолының бір бөлігі жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Сарыөзек-Көктал тасжолының 40-шы және 80-шақырым аралығындағы жол жабылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір аталған бағытқа қатынап жатқан жүк таситын көліктерге шектеу қойылды. Арнайы бригада жұмыс істеп жатыр. Қарды аршу жұмыстары жалғасуда», - деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев.

Айта кетелік, бұған дейін Кербұлақ ауданының бірнеше ауылының тұрғындары жарықсыз қалған болатын. Мәселен Алтынемел ауылының халқы 4 күн бойы жарықсыз отырды. Мұндай жағдай Қоғалы ауылында да болды. Себеп - ауа-райының қолайсыздығына байланысты электр сымдары үзілген.

Қазір төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, аталған елді мекендерде жағдай тұрақты. Барлық ауылдарға жарық берілген.

Соңғы жаңалықтар