Алматы облысындағы Сарқан ауданы әкімдігінің бөлім басшысы қамауға алынды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Сәбит Ғабитұлы мемлекеттің 32 млн теңге ақшасын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ресми мәліметінше, Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Сәбит Ғабитұлы аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталған.

«Аталған бөлімнің басшысы мемлекеттік «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021» аясында бөлінген қаржынының 32,9 млн теңгесін жымқырды деген күдікпен ұсталды. Яғни, аталған қомақты қаражат Сарқан ауданының Бақалы, Алмалы және Көкөзек ауылдарындағы спорттық алаңдарына бөлінген. Қазір аталған бөлім басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Тергеу жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының Сарқан ауданында 45 млн теңгенің спорттық алаңдары тек құжат жүзінде ғана салынғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар