Алматы облысындағы полиция ғимараты өртенді

Фото: None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Талғар ауданы полициясының әкімшілік ғимараты кабинеттерінің бірінде өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде тарады. Алматы облысының полиция департаменті өрттің 12 ақпан күні шамамен сағат 14:55-те тұтанғанын хабарлады.


«Жергілікті өрт сөндіру қызметі дереу оқиға орнына жетіп, өртті 25 минут ішінде сөндірді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің әрі қарай таралуы жол берілген жоқ. Қызметтік құжаттар бүлінбеді», - деді Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Оның салдары анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар