Алматы облысындағы өрт салдарынан балық шаруашылығына зиян келіп, бір адам зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы өрт салдарынан балық шаруашылығына зиян келіп, бір адам зардап шекті. Бұл жайында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кешеден бері Алматы облысындағы орман алқабында орын алған жайтқа алаңдап отырмыз. Өрт салдарынан Іле өзені сағасының басым бөлігі жанып кетті. Қазіргі уақытта өрттің бірінші ошағы сөндірілді. Бірақ, өкінішке орай қазіргі уақытта өрт Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватында таралуда. Орман шаруашылығы және инспециясының барлық күші өртті сөндіруге жұмылдырылған», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Оның атап өтуінше, өрт балық қабылдайтын пунктті шарпып, балық шаруашылығына шығын келтірген. Сонымен қатар аталған шаруашылықтың бір қызметкерінің ауруханаға жеткізілгені белгілі.

«Орманшылар әуеден барлау жасап жатыр. Егжей-тегжейлі ақпаратты сәл кейінірек аламыз. Жергілікті төтенше жағдай қызметімен үнемі байланыста отырмыз», - деді Самал Ибраева.

Бұған дейін ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Алматы облысының Балқаш ауданы аумағында орман алқаптары өртенгенін хабарлаған еді.


Соңғы жаңалықтар