+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматы облысындағы мониторингтік топтар 87 млн теңгеге айыппұл салды

2021 жылғы 21 қыркүйек 17:48
Бөлісіңіз:
Алматы облысындағы мониторингтік топтар 87 млн теңгеге айыппұл салды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы мониторингтік топтар 87 млн теңгеге айыппұл салды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада пандемияға қарсы іс-қимыл мәселелері таразыланды Коронавирус жұқтырған 636 адамның жағдайы ауыр – министрлік Өткен тәулікте 1954 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада мониторингтік топтардың мүшелері 29 884 рейд жүргізгені хабарланады.

«Алматы облысының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин кезінде қызмет көрсететін нысандардың санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауын бақылау үшін мониторингтік топтар құрылды.

268 мониторингтік топтың құрамына жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдері кіреді.

2021 жылдың 1 қаңтардан 21 қыркүйекке дейін мониторингтік топтардың мүшелері 29 884 рейд жүргізді. 158 405 нысанды тексерумен қамтылды, бұзушылықтары бар 1399 объект анықталды»,- делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, нысандардың барлық басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасалған.

Тексеру материалдары бойынша 87 104 940 теңге сомасына 787 нысанға әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілерінде және көңіл көтеру орындарында – 255 хаттама толтырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT