+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысындағы «Мемсараптама» басшысы 1 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

2020 жылғы 11 шілде 11:33
Бөлісіңіз:
Алматы облысындағы «Мемсараптама» басшысы 1 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы бойынша «Мемсараптама» РМК басшысы 1 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
AntikorLive: Кәсіпкерлерді қолдаудың дағдарысқа қарсы бағдарламасы жасалуда Қостанай әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін «Астана АЭК» лауазымды тұлғалары тергеуге алынды

«Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын « 1500 орынға арналған орта мектептің құрылысы» жобасына мемлекеттік сараптама жүргізу үшін 1 млн теңге сомасында пара алды және берді деген күдікпен Алматы облысы бойынша «Мемсараптама» РМК басшысы және ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. РМК басшысы ұсталды және Талдықорған қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалған», - делінген Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің таратқан хабарламасында.

Қазір Тергеп-тексеру жалғасуда. Басқа мәліметтер тергеу мүддесінде ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT