Алматы облысындағы медициналық және фармбақылау басшысы жүйелі түрде пара алған

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы жүйелі түрде пара алып тұрған. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс прокуратурасымен бірлесе фармацевтикалық бақылау саласындағы лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қызметін тоқтатты. Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы және осы департаменттің бөлім басшысының міндетін атқарушы параны жүйелі түрде алғаны анықталды. Олардың заңсыз талабы бойынша шағын бизнес өкілдерінен фармацевтикалық қызметті (дәріхана бизнесін) жүзеге асыруға бас лицензиялар мен оларға қосымшалар бергені үшін жалпы сомасы 850 000 теңгеге пара алынғаны анықталды», - делінген аталған ведомствоның хабарламасында.

Қазір жүйелі сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу және анықтау, сондай-ақ бизнесті қорғау жұмыстары жалғасып жатыр.


Соңғы жаңалықтар