Алматы облысындағы колонияда тінту жүріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы ЛА-155/12 түзету мекемесінде жоспарлы түрде тінту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.

Жоспарлы шараның негізгі мақсаты - түзету мекемелеріндегі тәртіпті нығайтып, тыйым салынған заттарды анықтау.

Осыған байланысты бекітілген жоспарға сәйкес, прокуратура органдарының келісімімен республика бойынша түзету мекемелерінде тінту жұмыстары басталды. Іс-шараға ҚАЖ жеке құрамы түгелдей және Ұлттық ұланның жауынгерлері тартылды.

Мұндай шаралар ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелерінде жүйелі түрде (тоқсанына бір рет) жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар