Алматы облысындағы Көксу қант зауыты биылғы жылдың алғашқы өнімін шығарды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Көксу қант зауыты биылғы жылдың алғашқы өнімін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
 Кәсіпорын құрал-жабдығын жаңартып, басқару жүйесін толығымен компьютерге көшірді. Жетісулық қызылша өсірушілер биыл 6800 гектарға тәтті түбір септі. Өнімділік те жаман емес. Кейбір шаруашылықтар гектарынан 700 центнерден алуда. Қазір зауыттың қант қызылшасын қабылдайтын орталығында өңірдің 7 ауданынан келген жүк көліктері өнімін өткізуде.

nullnullnull

Зауыт басшылары шаруалармен 3 күн ішінде есеп айырысуда. Жаңғырту жұмыстарынан кейін кәсіпорын тәулігіне 2000 тонна қант қызылшасын өңдейтін қуатқа жетті. Биыл шамамен 30 мың тонна құмшекер алу жоспарланған. 2020 жылға дейін Алматы облысында қант қызылшасы алқабын 14 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.

nullnull 

 

Соңғы жаңалықтар