Алматы облысындағы Көксу ауданында 13 көпбалалы отбасы баспаналы болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Көксу ауданындағы Балпық, Мұқаншы, Айнабұлақ, Еңбекші ауылдық округінде 13 көпбалалы отбасына пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспана бақытын сезінген жандарды аудан әкімі Алмас Әділ құттықтады.

Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының күніне орай берілген пәтер кілті «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алынған. Оған Республикалық бюджеттен 123 миллион 750 мың теңге қаражат бөлінді.

"Бүгін көпбалалы, аз қамтылған 13 отбасы баспаналы болды. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражатқа 21 үй алу көзделген еді. Енді тамыз айының соңына қарай қалған 8 пәтерді сатып аламыз. Одан бөлек, ауданда 50, 30 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, қазан-қараша айларында табысталады. Оның 40-қа жуығы көпбалалы отбасына беріледі",- деді Көксу ауданының әкімі А.Әділ. Аудан басшысы "Бақытты отбасы", "7-20-25" бағдарламасы аясында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарына тоқталды.
null

Баспалы болғандардың бірі - Көксу бекетінің тұрғыны Қойлыбаевтар отбасы. "Біз бес баламызбен 8 жылдан астам уақыт жалдамалы үйде тұрдық. Бір күн бұрын xабарласып айтқанында сенбей, қайта-қайта сұрадым. Міне, қолыма пәтердің кілтін табыстағанда ғана сендім. Балаларымыз тағатсыздана күткен кең үйдің иесі атандық. Қолдау көрсеткен барша жанға алғысым шексіз",- деді көпбалалы ана Ботагөз Қойлыбаева.

Сондай-ақ, Балпық би ауылынан да көпбалалы Қартбаевтар жанұсы баспаналы болды. Олар 5 баланы тәрбиелеп отыр. 13 жылдан астам уақыт пәтер жалдап тұрған.

Жалпы ауданда 936 көпбалалы отбасы, оның ішінде 634 Алтын, Күміс алқа иегері тіркелген.

null null

Соңғы жаңалықтар