Алматы облысындағы индустриалдық аймақта электр қуаты тапшы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Алматы облысының Іле ауданында орналасқан «Боралдай» индустриалды аймағында жарық мәселесі өзекті.  Бұл жөнінде  Алматы облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов аталған ауданның кәсіпкерлерімен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

««Боралдай» индустриалды аймағында бес өндірістік кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр және 10 млрд теңгеден астам қомақты қаржыға  тағы үш кәсіпорынның құрылысы жоспарланған. Олардың бір бөлігіне шетелдік инвестиция тартылған, 400-ден астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Алайда, күні бүгінге дейін «Боралдай» аймағында электрмен жабдықтау өзекті болып тұр. Осы сұрақты шешу мақсатында ҚР Инвестициялық даму министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен кездесу өткізу туралы бастама көтердік», - деді облыстық  кәсіпкерлік палатасының директоры Н. Бақтыбайұлы.

Аталған мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Боралдай» индустриалды аймағында жарық жүйесі тартылған. Бірақ бар деген аты болмаса, қуаты тым аз.

Соңғы жаңалықтар