Алматы облысындағы Ескелді би кесенесі абаттандырылуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қаратал ауданында орналасқан Ескелді би кесенесі абаттандырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Биыл тарихи тұлғаның туғанына 325 жыл. Мемлекет қорғауына алынған тарихи ескерткішке жергілікті бюджеттен биыл 27 млн. теңге қаржы бөлініп, кесене алдына төсеніштер төселіп жатыр. Жан-жағы қоршалып, айналасына 700 түп ағаш отырғызылған. 

Ескелді Жылкелдіұлы атақты Төле бидің Ұланбике атты қызынан туған жиен немересі. Әділ төрелігі мен бойындағы қасиеті аңызға айналған тарихи тұлға Алматы облысының Қаратал ауданында жерленген.
null 

Жалпы, бұл ауданда 21 абыз-әулиенің кесенесі орналасқан. Олардың қатарында Балпық би, Айту би, Жолбарыс батыр, Қарымбай әулие, Жәлменде би, Пышан ақын сынды тарихи тұлғалар бар. 

Атақты Төле би жиенін 12 жасқа дейін қасына ертіп жүріп өзі тәрбиелеген. Кейін Ескелді би хан Абылайдың уәзірі атанып, қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатына етене араласады.

Ескелді би кесенесінің шырақшысы Бақберген Жүнісбаев баба рухына тағзым етушілерге бидің өмірбаянын, түрлі қызықты оқиғаларын айтып отырады. Шырақшының айтуынша Ескелді би кесенесі  4-рет жаңартылды. 2015 жылы бидің ұрпағы академик Еділ Ерғожин бір топ іскер азаматтың қолдауымен молаға заманауи келбет берген.
null 

Соңғы жаңалықтар