Алматы облысындағы базарда 43 контейнер жанып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Түймебаев ауылындағы «Ащыбұлақ» құрылыс базарында өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

Тілсіз жау туралы хабарлама өрт сөндіру қызметіне 4 желтоқсан күні сағат 04:43 шамасында түскен. Жалпы аумағы 1400 шаршы метр болатын құрылыс материалдары жиылған 43 контейнердің өртенгені белгілі болып отыр. Өрттің өршуі 07:30 кезінде шектеліп, 08:38-ге қарай өшірілген. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

«Өрт сөндіру жұмыстарына Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 26 адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылды. Одан бөлек, тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 6 адам мен екі арнайы өрт сөндіру техникасы атсалысты. Өрттің шығу себебін анықтау үшін Талдықорған қаласындағы өрт жағдайларын зерттеу лабораториясы жіберілді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар