Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бала көз жұмды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында балабақшада 4 жастағы бала көз жұмды. Қайғылы жағдай Талғар қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 қараша күні балабақшалардың бірінде болған.

«4 жастағы қыздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот медициналық сараптама барысында баланың тамағынан қатты пластмасс зат табылды. Іс ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау, Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соғу ) бойынша жүріп жатыр»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



Соңғы жаңалықтар