Алматы облысындағы әйелдер колониясынан қашқан жазасын өтеуші ұсталды

Фото:
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысы Жауғашты ауылындағы түрмеден қашып кеткен жазасын өтеуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысында №10 мекемеде жазасын өтеп жүрген Г. есімді әйел 12 мамырда қашып шыққан. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында сотталушы мекеме аумағынан ұсталды. Бұл оқиға ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, Алматы облысы Іле ауданының полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылды», - деп хабарлайды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Болған оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

«Кінәлі лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сай жауапкершілікке тартылады.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ведомство мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар