Алматы облысындағы ауылда инклюзивті тобы бар балабақша ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Сарқан ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тобы бар балабақша ашылды. 75 балаға арналған бөбекжай мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізде жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қойлық ауылында орналасқан балабақшада 30-ға жуық адам жұмыс істейтін болды.

«Жаңадан ашылған балабақшаға ауыл мектебіндегі шағын орталықтың тәрбиеленушілері ауыстырылды. Осылайша білім шаңырағындағы босаған ғимараттар мектептің жұмысын жаңа бағдарламаларға сай жалғастыруға мүмкіндік беріп отыр», - дейді аудан басшысы Ерғазы Қошанбеков.

Қазіргі таңда ауданның мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтылуы 98 пайызға жетті. 2020 жылға дейін бұл көрсеткіш 100 пайыз болады деп күтілуде.

Ал жаңа балабақшаның екі тобы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып отыр. Бұл жерде ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндер тәрбиеленетін болады. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар