Алматы облысындағы ауыл мектебінде 32 мұғалім 50 баланы оқытып келген

Фото: None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы ауыл мектебінде 32 педагог 50 баланы оқытып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйғыр ауданы ауылдарының бірінде 32 педагог 50 баланы оқытып келген. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары барысында белгілі болды.

«Бірлік Сүмбе мектебінде 125 бала оқиды. Жаңасай негізгі мектебінде 50 оқушыны 32 адамнан тұратын ұжым оқытады. Екі мектеп те жөндеуді қажет етеді, екіншісі 1956 жылы салынған. Сонымен қатар мектеп ылғал»,- деп атап өтті Салтанат Беспаева.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев балаларды екі мекемеден Сүмбе мектебіне ауыстыруды және оларды тасымалдап оқуын қамтамасыз етуді тапсырды. Босаған үй-жайларды қосымша білім беру мектебі ретінде пайдалану ұсынылды. Бұдан бөлек, облыс басшысы жабылып жатқан мектеп педагогтарын жұмыссыз қалдырмай, ауданның басқа білім беру мекемелеріне орналастыруды тапсырды.

Бұдан бөлек, Сүмбе ауылындағы 750 оқушыға есептелген өзге мектепте 348 бала оқиды. Білім ғимараты 1976 жылы салынған, заманауи жөндеуден өткен. Мектепте балаларды оқыту және жан-жақты дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда стоматология кабинеті бар, сонымен қатар негізгі спорт залынан басқа көптеген тренажерлері бар фитнес-орталық, бокс залы жабдықталған.




Соңғы жаңалықтар