Алматы облысындағы апат: көлік екіге бөлініп кетті, бір адам мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында үш көлік соқтығысып, бір адам мерт болды. Оқыс оқиға Алматы-Көкпек-Көктал жолында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өте қорқынышты. Мына көліктің қалғаны осы. Алдыңғы бөлігі міне жатыр»,- деді бейнежазбаға түсірген автор.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай кеше кешкі сағат 17:30 шамасында болған.

«Еңбекшіқазақ ауданында 20 жастағы Mersedes Benz көлігінің жүргізушісі Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 39 шақырымында рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Audi C4 және Toyota Camry көліктеріне соғылған. Mersedes Benz көлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Тағы екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған факті бойынша ҚК 345 бабы 3-і бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар