Алматы облысындада көлік салонынан әуеге оқ атқан бұзақы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаскелеңде той кортежінде жүрген көліктің салонынан әуеге оқ атқан бұзақы ұсталды. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Қарайсай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында ер адамның көлік ішінен әуеге оқ атқаны таспалаған бейне материалды байқап қалған. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында бұл оқиғаның 23 қазан күні сағат шамамен 17:30-да Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласының Абылай хан көшесінде болғаны анықталды.

«Полиция қызметкерлерінің іздеу іс-шаралары нәтижесінде әуеге оқ атқан адам анықталды. Ол 25 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны болып шықты. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. «Mercedes» маркалы көлік айыппұл тұрағына қойылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2 тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жауапқа тарту үшін кортеждің басқа да қатысушыларын анықтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтеді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар