Алматы облысында жылыту маусымы уақытынан бұрын басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Ауа райының суытуына байланысты Алматы облысында жылыту маусымы белгіленген мерзімнен ертерек басталатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша, Талдықорған қаласының жылу жүйелері мен желілері жылыту маусымына 100% дайын.

Жылу бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға беріледі. Балабақшалар, мектептер мен денсаулық сақтау мекемелеріне жылу 30 қыркүйектен бастап қосылды. Бүгін осы аталған жұмыстар толығымен аяқталуы тиіс. Ал, тұрғын үйлерге жылу ертеңнен бастап беріледі.

Жалпы Талдықорғанда орталық жылыту жүйесіне қосылған 82 бюджеттік мекеме және 753 көпқабатты тұрғын үй бар. Облыс бойынша биылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына бюджеттен 15,9 млрд теңге қарастырылған.

Естеріңізге салар болсақ, Алматы облысында жылыту маусымы жыл сайын 15 қазаннан басталатын.


Соңғы жаңалықтар