+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Алматы облысында жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, бір адам мерт болды

2021 жылғы 4 мамыр 15:53
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, бір адам мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысында жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, бір адам мерт болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда екі автокөлік соқтығысып, 3 бала зардап шекті Ақтөбеде жол апаты кезінде велосипед жүргізушісі көз жұмды Алматыда жол апатынан үш адам жарақат алды

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік апаты бүгін сағат 11:45 шамасында болғанын хабарлады.

«Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 24-ші шақырымында болған оқиға кезінде 32 жастағы жолаушы көз жұмған.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кеткен.

Салдарынан Панфилов ауылының маңында «HOWO» маркалы жүк көлігіне соғылған.

«Көлік апаты кезінде Toyota автокөлігінің 32 жастағы жолаушысы оқиға орнында тілге келместен мерт болды. Ал осы көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Талғар аудандық ауруханасына жеткізілді» делінген аталған ведомствоның мәлімдемесінде.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігіне сәйкес сот-алды тергеу басталды.

Қажетті сараптамалар тағайындалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT