+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматы облысында жүк көлігі қағып, мерт болған ер адамның кім екені белгісіз

2021 жылғы 14 қазан 14:32
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жүк көлігі қағып, мерт болған ер адамның кім екені белгісіз

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ер адамды жүк көлігі қағып, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық өндірістің әрбір үшінші автомобилі экспортқа бағдарланады – Бейбіт Атамқұлов СҚО-да ер адам «КамАЗ»-ды мас күйде басқарған Алматының Іскерлік кеңесі әлеуметтік жобаларға 7 сыйлық тағайындады

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның жеке басын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.
«13-қазан күні сағат 16:45 шамасында 59 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан оқиға орнында мерт болды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Оқиға Гүлдала ауылына кіре беріс жерде болған.
«Аталған факті ҚР ҚК 345 бабв 3 бөлігі бойынша тіркелді. Жүргізуші қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT