Алматы облысында жұдырықпен үстелді ұрған бас дәрігердің әрекеті тексерілуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында тұрғындармен кездесу барысында үстелді жұдырықпен ұрған аурухананың бас дәрігеріне қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі күні ҚР Еңбек кодексінің 64-бабы 1-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан комиссия құрылды. Арнайы топ Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Н. Г. Күлсейітовтің этикалық әрекетіне қатысты мәселені қарайды. Қабылданған шара хабарланатын болады», - делінген Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ресми мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері кездесу барысында тұрғындардың бірінің қойған сұрағына ашуланып, үстелді жұдырықпен ұрған. Артынша залдан шығып кеткен. Ал тұрғынның ашу тудыртқан сұрағы ауруханада дәрілердің жетіспеуі жөнінде болған.
- Оралда соңғы үш күнде 180 адам коронавирус жұқтырды
- Қызылордада науқастардың басым бөлігі коронавирусты қарым-қатынас арқылы жұқтырған
- Асқар Мамин: Қазіргі кездегі басты міндет – жаппай вакциналауды өткізу
- Андрей Лукин еліміздегі ломбардтар талаптарды орындамай отырғанын айтты
-
Жаңа қаулы: Алматыда коронавирус жұқтырғандардың бәрі ауруханаға жатқызылады
-
Ажар Ғиният Ақтөбе облысындағы перзентханалардың жұмысымен танысты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам