Алматы облысында жолдан табылған балаға байланысты полиция пікір білдірді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жолдан табылған балаға байланысты полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдан табылған бала бойынша мән-жай анықталып жатыр. Оның ата-анасына қолданылатын шара бойынша ақпарат беріледі», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін белгісіз ер азамат жолдың бойынан кішкентай ұл баланың жүргенін байқап, оны бейнежазбаға түсіріп, ата-анасын табуға көмек сұраған болатын.

«Ақши база жақтан келе жатырмын. Жолда келе жатып, трассадан бала тауып алдым», - дейді бейнежазба авторы баланы көрсете отырып.

Сондай-ақ ол баладан ата-анасының қайда екенін сұрайды.

«Ана жақта», - деп бала жауап береді.

Бірақ бейнежазбада жақын маңда ешкімнің көрінбейтінін байқауға болады.



Соңғы жаңалықтар