Алматы облысында жолдан өтпек болған қыздың аяғы асфальтқа жабысып қалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қыздың аяғы асфальтқа жабысып қалды. Осы сәтті куәгерлер видеоға түсіріп үлгерген. Бұл жағдай Алакөл ауданындағы Үшарал қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алакөл аудандық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жұлқайнаровтың айтуынша, мұндай келеңсіз жағдай айналма жолдың жоқтығынан болған.

«Үшарал қаласындағы Жалбы би көшесінде жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Асфальт төсеу жұмыстарын атқару барысында келеңсіз жағдай болды. Себебі, сол жолдың бөлігінде айналма жол қарастырылмаған. Қазір қауіпсіздік шаралары сақталып, жұмыстар кестеге сәйкес жүріп жатыр»,- деді Мақсат Жұлқайнар.

Жолға жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Алакөл жолдары» серіктестігі. Қазір қыз баланың аяғы асфальтқа жабысып, жүре алмай тұрған сәттегі бейнежазба әлеуметтік желі арқылы кеңінен таралуда. Ал жолдың сапасын қатаң бақылауда ұстаймыз деген шенеуніктер, енді мұндай жайт қайталанбайды деп отыр.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер айтылады.

Соңғы жаңалықтар