Алматы облысында жолда қалған 16 адам құтқарылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорған-Қапал тас жолында қарлы боран салдарынан жолда қалған 16 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 6 ақпанында 07 сағат 30 минутта Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының кезекшілік диспетчерлік бөлімшесіне адамдардың жолда қалғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға «Талдықорған - Қапал» тас жолының Көшкентал ауылы маңында болған. Ауа райының күрт бұзылуы салдарынан жолаушылар қар құрсауында жеңіл көліктермен тұрып қалған», деп мәлімдеді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен. null

Төтенше жағдай орнына 07 сағат 35 минутта шұғыл көмек көрсетуге Алматы облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы және 1 Камаз-Нефаз автокөлігі шықты. Нәтижесінде қар құрсауынан жасақтың құтқарушыларымен 16 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылып, 5 автокөлік қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Құтқарылғандардың арасында үсіп қалғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар