+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Алматы облысында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысты

2019 жылғы 15 қыркүйек 20:24
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысты

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында жолаушылар пойызы автобусты қаққан сәт түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жеңіл көлік ағашқа соғылып, бір адам қаза тапты Жапонияда 84 жастағы әйел көлікпен ғимараттың әйнек қабырғасын қиратып өтті Ақтөбеде жол-көлік апатынан екі айлық сәби шетінеп кетті

«Міне, бізге 19:50-де Шамалған маңында осындай жағдай болды деп хабар келіп түсті. Оқиға орнына дереу шықтық, дәл қазір жолдамыз. Бізге түскен мәлімет бойынша жолаушы пойызы автобусты қаққан. Бірақ оқиға қалай болды, нақты ақпарат қолымызда жоқ. Барып анықтаймыз», - деді Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев.

Бейнежазбада шлагбаум алдында көліктер ұзын-сонар кезекте тұрғанын көруге болады. Осы сәтте жолаушы пойызы келіп автобусты қағады. Видеода адамдардың жанұшыра дауыс шығарып, айқайлап жатқанын естуге болады.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұловтың берген ақпаратқа сәйкес, оқиға Алматы облысындағы Шамалған станциясында болған. Автобус жүргізушісі сигналды елеместен пойыз жүретін жолға шығып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT