Алматы облысында жолаушыға толы автобус апатқа ұшырады

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматы облысында «Сетра» жолаушылар автобусы мен «Субару» маркалы көлік соқтығысып, 1 адам қаза болды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат «Алматы-Өскемен» тас жолының 566 шақырымында, Алакөл ауданының Жанама ауылының маңында болған.

«Алдын-ала болжам бойынша жол апаты автобус жүргізушісінің кесірінен болған. Ішінде 45 жолаушысы болса да, автобус жүргізушісі «Субаруды» басып озуға тырысқан. Салдарынан көліктер соғылып, «Субару»-дың жүргізушісі қаза болды», - делінген хабарламада. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық өндірістік іс қозғалды. Автобус айып тұрағына кіргізілді.

Соңғы жаңалықтар