Алматы облысында жолаушы автобусы жанып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле ауданында, Алматы-Астана автожолында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға 22 мамыр күні кешкі тоғыздар шамасында, автомагистральдың 56-ші шақырымында болған.

«Чапаев ауылының маңында «VANHOOL» маркалы автобус өртенген. Ол Жезқазғаннан Алматыға коммерциялық рейспен келе жатқан. Өрт 22:24-те ауыздықталып, 23:10-да толықтай сөндірілді», - деді ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, автобуста 8 адам болған. Олардың барлығы өрт кезінде автобустан өздері шығып үлгерген. Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.

Соңғы жаңалықтар